Жүзуден Қазақстан құрамасы әлем біріншілігіне дайындыққа кірісті

758

Жазғы спорт түрлері бойынша жаңа маусым басталып, құрама спортшылары маңызды додаларға дайындықты бастап кетті.

Жүзуден Қазақстан құрамасы әлем біріншілігіне дайындыққа кірісті

Тіпті, әлемдік аренада ел намысын қорғайтын спортшылар қатары да іріктелініп үлгерді.

Атап айтқанда, жақында жүзуден Қазақстан чемпионаты аясында биылғы әлем біріншілігіне баратын спортшылар анықталды. Осыған орай, Olympic.kz жүзуден Қазақстан чемпионатын нәтижесі мен биылғы әлем чемпионатына аттанатын спортшылар есімдерін ұсынады. 

Республикалық біріншілік Ақтөбе қаласында өтті. Ел біріншілігініңнәтижесінде жалпыкомандалық есепте ұпай саны бойынша 43 714 еншілеген Алматы қаласының құрамасы көш бастады. 35 266 ұпайын еншілеген Ақтөбе облысы екінші орыннан көрінсе, Нұр-Сұлтан қаласының командасы 30 096 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Аталған ел біріншілігінде Қазақстан рекорды жаңарды. Оның авторы Ақтөбе облысының өкілі Диана Тасжанова. 1500 метрді еркін әдіспен 17:31,08 секундта бағындырған ақтөбелік Диана Тасжановаға тиесілі. 

Чемпионат қорытындысы бойынша #teamKZ сапынан бес спортшысы су спорты бойынша 19-шы әлем чемпионатының нормативін орындап, дүниежүзілік біріншілікке қатысу мүмкіндігіне ие болды. Олар:

1. Әділбек Мусин

2. Александр Варакин

3. Айбек Қамзенов

4. Аделаида Пчелинцев

5. Ксения Игнатова

"Өткен аптада біз Ақтөбе қаласында өткен ел чемпионатын аяқтадық. Жарыс төрт күнге созылды. Бірақ біздің команда климатқа бейімделу үшін 14 күн ерте келіп, оқу-жаттығу жиынына қатысты. Меніңше, ел біріншілігінде барлығы жоғары дәрежеде нәтиже көрсетіп, Қазақстан чемпионаты жоспарлағанда өте жақсы өтті. Ақтөбелік спортшы 1500 метрге еркін жүзуден республика рекордын жаңартты. Ұлттық құрама спортшылары да өз кезегінде өздерінің үздік нәтижелеріне қол жеткізді. Ал менің осы чемпионаттағы нәтижеме көңілім толады. Осылайша, біздің маусымды ашық деп жариялаймыз.

Бұл жарыс маусым айының ортасында Будапештте өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болғандықтан маңызы өте жоғары болды. Ұлттық құраманың негізгі құрамынан бөлек, жарысқа қатысу нормативін Айбек Қамзенов (Ақтөбе) пен Ксения Игнатова (Қарағанды) орындады. Жастар жарады. Маңызды додада өздерін жақсы қырынан көрсетеді деп ойлаймын. Бұл өте үлкен мүмкіндік.

Венгрияға аттанғанға дейін шеберліктерімізді шыңдап, дайындықтарымызды тыңылықты пысықтауымыз қажет. Дайындықтың келесі кезеңі Талдықорған қаласында, жуырда ғана бой көтерген жаңа спорт кешенінде оқу-жаттығу жиыны ретінде өтеді. Одан кейін Ыстықкөлде жоспарланған жаттығу жиынында дайындық кезеңіне нүкте қоямыз", – деді жүзуден Қазақстан құрамасының мүшесі Әділбек Мусин.

Айта кетерлігі, жүзуден әлем чемпионаты 17 маусым мен 3 шілде аралығында Венгрия астанасы Будапештте өтеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу