Жүзуден Қазандағы әлем кубогі кезеңіне қатысатын спортшылар анықталды

794

Әлем кубогі кезеңінде нормативті орындаған спортшылар Токио Олимпиадасына тікелей жолдама алады. 

Жүзуден Қазандағы әлем кубогі кезеңіне қатысатын спортшылар анықталды

Бүгін Қазан қаласында (Татарстан, Ресей) жүзуден лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтеді. Аталған сынға Қазақстан командасының мүшелері де қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазандағы лицензиялық турнирде Қазақстан атынан үш спортшы бақ сынайды. Олар – Александр Варакин, Диана Назарова және Анастасия Резванцева.

Әлем кубогі кезеңінде нормативті орындаған спортшылар Токио Олимпиадасына тікелей жолдама алады.

Бас бапкер Олег Вагизовтің айтуынша, команда үздіктері Дмитрий Баландин мен Әділбек Мусин аталған жарысқа қатыспайды. Олар Ұлттық Олимпиадалық комитеттің арнайы бағдарламасы бойынша АҚШ-та жаттығып жатыр.

Әзірге, жүзуден Қазақстан командасында Олимпиаданың екі лицензиясы бар. Дмитрий Баландин 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Токио ойындарының жолдамасын иеленген болатын.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу