Жыл аяғына дейін 685 ауыл Интернет желісіне қосылады

1926

2018 жылы Қазақстан әлемдік рейтингте ұялы байланыс абоненттері бойынша 21-орынға ие болды. 

Жыл аяғына дейін 685 ауыл Интернет желісіне қосылады

Ауылдық жерлерді кең жолақты Интернетпен ары қарай қамту үшін 2018-2021 жылдарда талшықты-оптикалық және LTE (4G) желілерін салу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында айтылды.

Бірінші кезең – талшықты-оптикалық желілерді салу. Жобаны іске асыру 1 250 ауылдық елдімекенде жоғары жылдамдықты Интернет қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді. 2019 жылғы 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша талшықты-оптикалық желілер 83 ауылдық елдімекенде (оның ішінде 85 денсаулық сақтау нысаны мен 76 білім беру нысанында) іске қосылды. 2019 жылдың аяғына дейін 685 ауыл Интернет желісіне қосылады, ал 2020 жылы тағы 509 ауылды қосу жоспарлануда.

Екінші кезең – LTE (4G) мобильді байланыс желісін дамыту арқылы 3 143 ауылды: 2019 жылы – 574, 2020 жылы – 1 046 және 2021 жылы 1 523 ауылды Интернетпен қамту жоспарлануда.

Осы аталған жобаларды іске асыру аясында 2020 жылдың аяғына дейін тұрғындардың саны 250–ден асатын 880 ауылдық елді мекен кең жолақты Интернет желісімен қамтылатын болады.

Сонымен қатар, ары қарай тұрғындардың саны 50-ден жоғары 885 ауылдық елдімекенді Интернет желісіне қосу жоспарлануда. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша 2022 жылдың соңына дейін 5089 ауылдық елдімекен Интернет желісіне қосылады.

Ал қалған ауылдарға жерсеріктік байланыс технологиясын қолдану арқылы Интернет желісін ұйымдастырудың техникалық мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Бұл орайда ауылдық елдімекендерді Интернет желісіне қосу ҚР Ұлттық экономика министрлігі жасаған перспективалы ауылдар тізіміне сәйкес орындалатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу