Жыл аяғына дейін инклюзивті жұмыспен қамту мүмкіндігін кеңейту жоспарланған – министр

299

Әлеуметтік қызметтер порталында 132 санаторийлік-курорттық ұйым тіркелген. 

Жыл аяғына дейін инклюзивті жұмыспен қамту мүмкіндігін кеңейту жоспарланған – министр Фото: Үкімет

Бүгінгі күні елімізде шамамен 752 мың мүгедектігі бар адам тұрады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысының айтуынша, жыл аяғына дейін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты сапасын арттыру және инклюзивті жұмыспен қамту мүмкіндігін кеңейту жоспарланған.

"Бүгінгі күні елімізде шамамен 752 мың мүгедектігі бар адам тұрады.  Бұл жалпы халық санының 3,7% құрайды. Оның ішінде шамамен 56% – еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 29% – зейнеткерлер, 15% – балалар. Биыл мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жиынтық шығыстар 1,1 трлн теңгені құрайды", – деді Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында.

Әлеуметтік қызметтер порталында 1 017 техникалық оңалту құралдарын жеткізуші, 785 ымдау тілі бойынша қызмет көрсетуші, 132 санаторийлік-курорттық ұйым тіркелген.

"2025 жылы 413 мың техникалық оңалту құралы берілді. 28 мың жеке көмекші қызметі, 120 мың санаторийлік-курорттық емдеу қызметі, 9 мыңға жуық ымдау тілі қызметі көрсетілді", – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу