Жыл басталғалы бері АҚШ-та 40 атыс болып, 70-тен аса адам қаза тапты

404

Калифорнияда небәрі үш күнде атыстан 44 адам қаза тапты. 

Жыл басталғалы бері АҚШ-та 40 атыс болып, 70-тен аса адам қаза тапты Фото: www.dw.com

Қайғылы оқиғалар тізбегі Калифорния штатын шарпыды, онда 44 сағат ішінде 19 адамның өмірін қиған үш жаппай атыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Бірінші оқиға Лос-Анджелес маңындағы Монтерей саябағында болды. Жаңа Жылды тойлауға келген 20 адам атыс құрбанына айналып, олардың 11-і оқ жарақатынан қаза тапты. Күдікті би залында жартылай автоматты тапаншадан 42 рет оқ атқан.

Билік тергеуді аяқтамай жатып, дүйсенбі күні түстен кейін Калифорнияның солтүстігіндегі Халф-Мун-Бей ауылдық жерінде тағы жеті адам атып өлтірілді. Зардап шеккендер фермада жұмыс істеген иммигрант жұмысшылар екені анықталды.

Сол күні Окленд қаласында Бей шығанағы аймағында музыкалық бейнебаян түсіріліп жатқан жерде атыс басталып, 50-ге дейін адамның зәресін ұшырды. Бірнеше адам жан-жаққа оқ ата бастаған, салдарынан 8 адам жарақат алды, олардың біреуі қайтыс болды, ал қалғандары ауруханаға жатқызылды.

2023 жылдың алғашқы апталары Америка үшін қайғылы басталды - қаңтар айында бүкіл ел бойынша 40 жаппай атыс болды, онда 70-тен астам адам қаза тауып, 160 адам жараланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу