Жыл басталғалы бері елімізге 500-ге жуық шетелдік жұмысшы келген

1272

Жыл басталғалы бері елімізге 500-ге жуық шетелдік жұмысшы келген

2017 жылдың қаңтар айында Қазақстанға 480 шетелдік жұмысшы тартылған. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Мекеме мәліметінше, 2017 жылдың қаңтарында 210 жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқат беріліпті. Кәсіпкерлерден 182,8 млн теңге көлемінде салық жиналған.

Айта кетейік, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартудың жеңілдетілген режимі енгізілді. Жаңа өзгеріске байланысты жұмыс істеуге рұқсат алу уақыты қысқартылып, жұмыс берушіге қойылатын әкімшілік талаптар алынып тасталды.

Өз кезегінде жұмыс беруші 137-250 АЕК аралығындағы салық жарнасын төлеуі қажет. Салық жарнасы шетелдік жұмыс күшінің санаты мен қай салада жұмыс істейтіндігіне байланысты. Бірақ жұмыс берушілердің 70%-ға жуығы Қазақстан азаматы болуға тиіс, ал білікті қызметкерлер көлемі 90%-дан кем болмауы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу