Оның ішінде ең жоғары көрсеткіш Ұлытау және Жетісу облыстарында, Астана және Алматы секілді қалаларды тіркеліп отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Биылғы қаңтар-қазан аралығында 13,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 14%-ға жуық жоғары. Ең жоғары көрсеткіш Ұлытау және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында тіркелді", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.
Министрдің сөзінше, өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісі 27%-ға, оның ішінде автомобиль жасау – 42%-ға, электр жабдықтарын жасау 31%-ға өскен.
"Бұдан бөлек өсім азық-түлік өндірісі, металл бұйымдары, құрылыс материалдары, сусындар өндірісі, пластмасса бұйымдары, жеңіл өнеркәсіп секілді салаларда байқалып отыр. Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 6,1%-ға жоғарылады. Бұл ретте газ өндіру 9,7%-ға, мұнай өндіру – 9,3%, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру 14%-ға ұлғайған", - деді Әлібек Қуантыров.
Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 8,6%-ға азайған. Министр көрсеткіштің төмендеуін дәнді дақылдарды жинау көлемінің азаюынан деп түсіндірді.
Барлық 7 экономикалық көрсеткіш бойынша оң өсім Абай, Батыс Қазақстан, Жетісу және Қызылорда облыстарында, Алматы қаласында тіркелді.