Жыл басынан 213,1 мың тонна мұнай-газ-химия өнімдері өндірілді

244

Саланың барлық өнімдері бойынша өсім байқалып отыр. 

Жыл басынан 213,1 мың тонна мұнай-газ-химия өнімдері өндірілді Фото: inbusiness.kz

Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 213,1 мың тоннаны құрады. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Министрлік жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайту бойынша бірқатар шаралар қабылдап жатыр. Бұл жыл соңына дейін 628,3 мың тонна мұнай-газ-химия өнімін шығаруға, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 75% пайыз өсім болуға мүмкіндік береді. Мұнай-газ-химия саласын одан әрі дамыту – елдің экономикалық өсімінің негізі", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Оның сөзінше, 2029 жылға дейін шамамен 14,3 млрд долларына 5 ірі жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

"Бұл экономиканың жыл сайынғы өсімін 1,5% пайызға жеткізіп, 20 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Оның ішінде құрылыс кезеңінде 17 мың және пайдалану кезеңінде 3 мың жұмыс орны. Осы жылдың өзінде қуаты 340 мың тоннаға дейін бутадиенді және оның туындыларын өндіру жөніндегі жобаның құрылысы басталады, сондай-ақ қуаты 1,2 млн тонна полиэтилен жобасы бойынша ел тарихындағы ең ірі жобалардың бірі бойынша инвестициялық шешім қабылданады", - деді Сәтқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу