Жыл басынан әскерде жарғылық емес қатынастардың 13 дерегі анықталды

270

Қарулы күштердегі жарғылық емес қатынастар негізінде жасалған қылмыстар саны үш жыл ішінде 28%-ға төмендеді. 

Жыл басынан әскерде жарғылық емес қатынастардың 13 дерегі анықталды Фото: ukrainci.com.ua/

Бұл туралы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сөзінше, бейбіт уақытта әскери қызметшілердің шығыны "жауынгерлік емес шығын" деп аталады. Шайх-Хасан Жазықбаев кез келген оқиға бойынша мұқият тексеру жүргізлетінін, әскери басқару органдарының басшыларына қатаң тәртіптік және кадрлық шешімдер қабылданатынын айтты.

"Әскердегі құқық бұзушылыққа келсек, егер статистикаға жүгінсек, онда Қарулы күштердегі жарғылық емес қатынастар негізінде жасалған қылмыстар саны үш жыл ішінде 28%-ға төмендеді. Яғни, 2021 жылғы 32-ден 2023 жылы 23-ке дейін. Барлығы 12 әскери қызметші сотталды. 2021 жылы – 5, 2022 жылы – 3, 2023 жылы – 4. Биыл жарғылық емес қатынастардың 13 фактісі тіркелді. Бұл жыл сайын төмендеп келе жатқан статистика. Меніңше, өз жұмысымызды құқық бұзушылық саны бойынша емес, жауынгерлік даярлық, қарулы күштердің әзірлігін қамтамасыз ету міндеттілігін орындау сапасы бойынша бағалауымыз керек", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қорғаныс министрінің орынбасары Қарулы күштерде болған әрбір жағдай бойынша шаралар қолданылатынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу