Астанада биыл 3,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

188

Бұл былтырғыға қарағанда 6,4%-ға көп.

Астанада биыл 3,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді Фото: freepik

Астана қаласының әкімі Женіс Қасымбек елорда экономикасы өсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Қала экономикасы өсуде. Жалпы өңірлік өнім бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 7% болды, бұл – 5,4 трлн теңге. Биыл жалпы өңірлік өнім құрылымында өндіріс секторының үлесі 13,9%-дан 15,7%-ға дейін өсуі байқалады. Бұл өнеркәсіп және құрылыс салаларының белсенді дамуының арқасында болып отыр. Негізгі драйвер – шағын және орта бизнес, ол елорда экономикасының 72,1%-ын құрайды. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш", – деді қала әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, елордада жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,3%-ға өсіп, 247 мыңнан асты. 

"Елорданың жеке табысы алғаш рет 1 трлн теңгеден асты. Бұл барлық негізгі санаттар бойынша салық түсімдерінің өсуіне байланысты мүмкін болды. Инвестиция көлемі 1,6 трлн теңгеден асып, 20,4%-ға ұлғайды. Бұл соманың 70%-дан астамы – жеке инвестициялар. Елорданың құрылыс секторының қарқыны  870 млрд теңгеден асты",  деді Жеңіс Қасымбек.

11 айдың ішінде Астанада 3,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға көп. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу