1 ақпандағы жағдай бойынша 1539 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, жыл басынан елімізге келген қандастардың жартысы (50%) Өзбекстаннан, 16,3%-ы Қытайдан, 15,9%-ы Ресейден, 8,4%-ы Түрікменстаннан, 4,5%-ы Моңғолиядан және басқа елдерден келді.
Этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.
"1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңгейі бойынша 20,1% жоғары білімді, 40,9% орта кәсіби білімді, 35,2% жалпы орта білімді және 3,8% білімі жоқ", - делінген хабарламада.