Жыл басынан бері 1,8 млрд теңге тұратын вейп тәркіленген

105

Аталған өнімдердің негізгі тұтынушылары – жастар мен кәмелет жасына толмаған оқушылар.    

Жыл басынан бері 1,8 млрд теңге тұратын вейп тәркіленген Фото: shutterstock.com

Қаржылық мониторинг агенттігі электрондық темекі құрылғыларының заңсыз айналымымен күрес бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылдың басынан бері:

  • вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 дерек тіркелді;
  • 440 мыңнан астам бұйым тәркіленіп, жойылды;
  • осы өнімдерді өндіруге арналған 6 бірлік жабдық алынды;
  • тәркіленген өнімнің жалпы құны 1,8 млрд теңгеден асты;
  • 14 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

"Заңсыз қызмет Telegram, WhatsApp мессенджерлері және курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылған. Ал түскен табыстар "дроптар" арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған", – делінген агенттік таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу