Жыл басынан бері 11,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

466

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  

Жыл басынан бері 11,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды Фото: ҚР Еңбекмин

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 426 кәсіпорында 13,6 мың жұмыскердің алдында 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 445 нұсқама беріліп, 64,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 11,4 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,1 млрд теңге төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу