Жыл басынан бері 113,3 миллион тонна мұнай мен газ тасымалданды

814

Жыл басынан бері 113,3 миллион тонна мұнай мен газ тасымалданды

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz — Қазақстанның құбыр желісі транзит айналымы дамып жатыр. Мұнай мен газдың тасымалдануы 1 жылда 4 пайызға артқан. Бұл туралы energyprom.kz-ке сілтеп 7kun.kz хабарлайды.

Қазақстанда құбыр арқылы жүк тасымалы бірден 7 пайызға артты. "ҚазТрансОйл" компаниясының мұнай тасымалы 22,7 млн тонна болды (былтырғы жылдан 4 пайыз жоғары).
Ал тасымалдау мен мұнай және мұнай өнімдерінің көлемі 28,9 млн тонна, 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда, 2 пайыз жоғары. Мұнайдың жүк айналымы километріне 18,9 млрд тонна болды (бір жылда 6 пайызға ұлғайды).

Айта кетейік, Қазақстан бойынша құбыр желілерінің ұзындығы 23,3 километрді құрайды. Олардың 15,3 мың километрі — газ құбыры, 8 мың километрі — мұнай құбыры. Құбыр тасымалдауының өскеніне қарамастан, кәсіпорындардың кірісі 4,2 пайызға азайды (545,9 млрд теңге).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу