Жыл басынан бері 12 адам суға кетті

204

Былтыр шомылу маусымында 177 адам қаза тапты, оның 53-і жасөспірімдер. 

Жыл басынан бері 12 адам суға кетті Фото: Диапазон

Жалпы үш жылда су мыңнан астам адамның өмірін қиды, деп жазады inbusiness.kz.

"Соңғы үш жылда су мыңнан астам адамның өмірін қиды. Былтыр шомылу маусымында 177 адам қаза тапты, оның 53-і жасөспірімдер. Ал 2022 жылғы статистиканы айтар болсақ, 183 адам, оның ішінде 62 бала суға кетті. Өздеріңіз байқағандай суға бату бойынша статистика 4%-ға жақсарған, балалардың қаза болу фактілері 15%-ға азайды", — деді ҚР ТЖМ өкілі Ерасыл Сайпаш.

Жыл басынан бері 12 адам суға кетті, оның ішінде 2 бала қаза тапты. Дегенмен дер кезінде көмек көрсетіліп, аман қалғандар да аз емес.

"Былтыр Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті рейдтерінің арқасында 221 адам құтқарылды. Ал биыл қаңтар-мамыр аралығында 38 адам дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында аман қалды", — деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу