Бүгін үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еліміздің 2018 жылғы 4 айдағы экономикалық дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.
Тимур Сүлейменовтың айтуынша, Қазақстандағы экономикалық белсенділік оң қарқын көрсетуде.
Жалпы алғанда, экономикадағы өсім инфляциялық қысымның төмендеуіне және жоғары инвестициялық белсенділікке негізделген. Инфляция жыл басынан бері 2,2% құрады. 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 0,5 п.п. төмен. Жылдық инфляция 6,5% деңгейінде тіркелді. Инфляцияны жаңа дәлізде (5-7%) ұстап тұру қамтамасыз етілуде.
"Еңбек нарығында тұрақтылық сақталуда. Жыл басынан бері 134,8 мың адам жұмысқа орналастырылды. Осы жылдың басынан бері нақты еңбекақының өсуі байқалады. Ол 1,2% құрады. Қаңтар–сәуір айларында орташа айлық еңбекақы 152,3 мың теңгені құрады", - деп түйіндеді Сүлейменов.