Бүгінгі таңда 270 мыңға жуық әйел жүктілік бойынша есепте тұр.
Жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі жеткіншектер арасында 1 651 жүктілік және 257 аборт тіркелді.
"Ай сайын 18 жасқа дейінгі жүктілік пен аборт саны қаралып отырады. Былтыр 2023 жылдың 9 айында жасөспірімдер арасында 2 288 жүктілік пен 385 аборт тіркелген еді. Ал, биылғы 9 айда – 1651 жүктілік және 257 аборт болған", – деді Ш. Халықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен бірге, спикер 14 жасқа дейінгі және 15-17 жас аралығындағы жүктілік статистикасы бөлек жүргізілетінін атап өтті.
"Өткен жылы 14 жасқа толмаған қыздар арасында 9 жүктілік жағдайы анықталды. Әрине мұндай ерте жаста көп жағдайда зорлық-зомбылық салдарынан жүкті болған жағдайлар бар, бұл енді Әділет министрлігінің құзырындағы ақпарат. Біздің міндетіміз – жүктіліктің барлық кезеңінде медициналық көмек көрсету және бұл көмектер толыққанды көрсетілді. Биыл 14 жасқа толмаған 6 қыз бала көтерген", – деп толықтырды Ш. Халықова.