Жыл басынан бері 141 адам суға батып кетті

406

Оның 39-ы балалар.

Жыл басынан бері 141 адам суға батып кетті Фото: gov.kz

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл деректер өткен жылғы көрсеткіштерден төмен.

Осыған байланысты, еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болу фактілерін барынша азайту мақсатында қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау қажеттігін еске саламыз.

Олардың негізгілері:

- тек рұқсат етілген (жабдықталған) жерлерде шомылу;

- суға шомылуға тыйым салынған жерлерге кіруге қатаң тыйым салынады;

- су маңындағы демалыста алкогольді, есірткі заттарын пайдаланбау;

- қалқымалардан асып жүзбеу;

- жартастардан, шатқалдардан және осы мақсаттарға арналмаған басқа жерлерден суға секірмеу;

- су көліктеріне жақын жүзуге болмайды;

- дабыл туралы жалған дыбыстар шығармау;

- және ең бастысы, балаларды қараусыз қалдырмау.

"Барлық азаматтарды өз өмірлері мен жақындарының өміріне барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Жоғарыда аталған ережелерді қатаң сақтаңыз.

Сонда ғана біз ондаған, жүздеген адамдардың өмірін сақтай аламыз", делінген министрлік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу