Жыл басынан бері 150 мың елорда тұрғыны табиғи газға қол жеткізді

715

Сондай-ақ жылу энергетикасы тапшылығын жою мақсатында алтыншы жылу магистралі салынады. 

Жыл басынан бері 150 мың елорда тұрғыны табиғи газға қол жеткізді

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Елордада энергетика саласы қызметінің сапасын арттыру мақсатында бірқатар шаралар қабылдануда. Біріншіден, 7,5 шақырым жылу желісі салынды және қайта жөндеуден өтті. Бұл қаланың энергия желілеріне деген сенімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 17 шақырым электр беру нысаны салынып, қайта жөнделді. Бұл электр желілеріндегі технологиялық апат санын азайтуға және қаланың жаңа аудандарын электрмен қамтуға мүмкіндік берді. Қалада 4 млрд теңгеден астам соманы құрайтын 1 мыңға жуық иесіз қалған нысан анықталып, олар коммуналдық меншікке берілді. Биыл ЖЭО-1, ЖЭО-2-нің 13 су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды. Ал ЖЭО-3 бойынша жобаға түзету енгізіліп, құрылыс монтаждау жұмысы қайта жанданды", – деді А. Көлгінов Үкімет отырысында баяндама жасай отырып.

Оның айтуынша, ЖЭО-3-ті іске қосу 6 млн шаршы метрді құрайтын тұрғын үй мен басқа да нысандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді. "Жылу энергетика тапшылығын болдырмау мақсатында сағатына 1,700 Квт энергия беретін 3 газ қазандығын салу бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленуде. Елордада бесінші жылу магистралінің құрылысы аяқталып, алтыншы жылу магистралінің құрылысын бастау жұмысы жүріп жатыр. Олар қаланың жаңадан салынып жатқан аудандарын жылумен қамтамасыз етпек", – дейді ол.

Сондай-ақ елорда әкімі қаланы газбен қамту жұмысының барысына тоқталып өтті.

"Жеке секторды газдандыру жұмысы жалғасуда. Осыған дейін 670 шақырым газ желісі салынса, биылдың өінде 317 шақырым газ желісі тартылды. Қала іргесінде орналасқан 10 тұрғын үй алабына табиғи газ жеткізіліп, 2 мыңнан астам абонент көгілдір отынға қосылды. Бұл бағыттағы жұмысын жалғасын табады. Егер өткен жылы 43 мың тұрғын газға қол жеткізсе, биыл тағы 150 мың тұрғынның газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Техникалық шарттар күн сайын берілуде. Бүгінде елордада 21 әлеуметтік нысанды газға қосу жұмысы жүріп жатыр. Бұл орайда ҚазТрансГаз Аймақ компаниясымен жұмысын жалғасуда. Газдандыру жобасын оңтайландыру нәтижесінде 2 млрд 2 млн теңге қаржы үнемделді және ол қаражат республикалық бюджетке кері қайтарылады", – деді қала басшысы.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу