Жыл басынан бері 186 кг синтетикалық есірткі тәркіленген

161

31 есірткі зертханасы жойылды. 

Жыл басынан бері 186 кг синтетикалық есірткі тәркіленген Фото: gov.kz

Оның 17-сі синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған. Есірткі өндірушілерден шамамен 186 кг синтетикалық есірткі және екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде 34 жастағы тұрғын ұсталды. Ол ірі көтерме саудаға арналған пакеттерге мефедрон салған. Оның жалдамалы пәтерінен 440 грамм есірткі тәркіленді.

Одан әрі тергеу әрекеттері кезінде күдікті екі пакет жасырылған жерді көрсетті. Олардың әрқайсысында 25 орамнан болған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы жарты килограмм немесе мыңнан астам бір реттік дозаны құрады.

Семейде 20 жастағы жігіт пен қыз ұсталды. Жеке тінту кезінде олардан синтетика салынған орамдар тәркіленді. Ұсталған кезде олар заңсыз заттардан құтылуға тырысқан. Қызметтік-іздестіру иттің көмегімен кинологтар қызға тиесілі барсетканы анықтады. Оның ішінде 64 есірткі орамы болған.

Ұсталғандардың пәтерінен гашиш пен мефедрон салынған тағы 38 пакет табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 100 грамм. Самара – Шымкент тас жолындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде 21 жастағы Шымкент тұрғыны марихуанамен ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында оның тұрғылықты жерінен төрт пакетке салынған 300 грамм мефедрон тәркіленді.

Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторларына қамалды.

– Есірткі жасырушылардың заңсыз “еңбек өтілі” 2-3 айдан сәл асуы мүмкін. Оңай олжа соңынан қуып, олар 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын арқалайтынын аңғармай жатады, – деді полициядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу