Жыл басынан бері 2,4 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

889

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралған.

Жыл басынан бері 2,4 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 2 407 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған, деп хабарлады inbusiness.kz порталы. 

"Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралды. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға қандастардың жартысынан астамы (72,9%) Өзбекстаннан, 15% – ҚХР-дан, 4,6% – Түркіменстаннан, 3,5% – Моңғолиядан және 4% – басқа елдерден келген", – деп жазылған хабарламада. 

Этникалық қазақтар негізінен Алматы (36,8%), Түркістан (16,4%) және Маңғыстау (10,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,7%) және Нұр-Сұлтан (5,9%) қалаларына қоныстанған.

2021 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,3%-ды және зейнеткерлер 17,3%-ды құрайды.

Фото министрліктің сайтынан алынды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу