Жыл басынан бері 2,7 мың адам жұмыстан қысқартылған

1073

Жыл соңына дейін тағы 600 қызметкер орнынан босатылады.

Жыл басынан бері 2,7 мың адам жұмыстан қысқартылған

Биыл 2700 адам жұмыстан қысқартылған. Жыл соңына дейін тағы 600 қызметкер  орнынан босатылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, қысқартуға іліккен аймақтардың көшін Нұр-Сұлтан бастап тұр. Жыл басынан бері бас қалада 1398 адам жұмыстан шығып қалған.

Екінші орында – 334 жұмысшымен Алматы жайғасты.

Үштікті Павлодар облысы 297 қызметкермен түйіндеп отыр.

Шымкент шаһары болса орнын босатқан 271 қызметшімен төртінші сатыдан көрінді.

Ал қысқартылғандар көбінесе сауда саттық, байланыс және ақпарат, сондай-ақ құрылыс салаларында істегендер. Басты себеп кәсіпорындардағы жұмыс көлемінің азаюы, экономикалық жағдайдың әлсіреуі екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу