"Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023-2025 жылдары мектепке дейінгі ұйымдарда 222 мыңнан астам жаңа орын ашу жоспарланса, 2023 жылы 81 мың орын ашу белгіленген. 2026 жылға дейін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде 842 000 оқушы орнына арналған 401 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Келесі жылдың өзінде ұлттық жоба аясында 221 білім ордасының құрылысы басталып, жаңа 108 мектеп ашылады", - деді ведомство өкілі.
Спикердің айтуынша, келер жылдан бастап 2029 жылға дейін 100 заманауи оқушылар сарайы, музыка және өнер мектептері, оқушылар үйлері, қосымша білім беру орталықтары, қала сыртындағы 50 жаңа сауықтыру лагерінің құрылысын жүргізу жоспарланған.