Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл басынан бері пневмониямен ауырғандардың саны туралы жаңа мәлімет берді.
"Пневмонияның вирустық, бактериялық, тұмау пневмониясы деген түрлері бар екенін білесіздер. Коронавирустық пнемония деп жүрген ауру да соның ішінде. 2019 жылдың 1 тамызына дейін жалпы пневмниямен 76 995 адам ауырса, 2020 жылдың тамызына дейін 256541 адам ауырған. 2019 жылы бұл аурудан 2033 адам қайтыс болса, биыл 4042 адам көз жұмған. Қиын кезең артта қалды деп айтсақ артық болмас. Жағдай тұрақталып келеді. Наурыздан бері 92662 адамнан COVID-19 анықталды. Қазір өсім 1,5 пайыз көлемінде. Оның ішінде 30 мыңға жуық науқас емделуде. Қалған науқастар жазылып шықты. Барлығы 1058 адам қайтыс болды. Өткен тәулікте COVID-19 індетінен 34 өлім тіркелді. Ал коронавирус жұқтырғандар саны 1069 адам болды. Екінші тамыздағы жағдай бойынша коронавирустық певмония жұқтырудың 798 жағдайы тіркеліп, 21 адам көз жұмды", – деді Алексей Цой.
Есжан Ботақара