Жыл басынан бері 288 млрд теңгеге қаржылық заң бұзушылық анықталған

723

Биыл 9 айдың ішінде 32 мыңға жуық мемлекеттік сатып алу бойынша заңбұзушылық анықталған.

Жыл басынан бері 288 млрд теңгеге қаржылық заң бұзушылық анықталған

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров жыл басынан бері 288 миллиард теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жыл басынан бері біз 1 851 тексеру жүргіздік. Тексеру қорытындысы бойынша 288 млрд теңгеге жуық қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның 10 миллиард теңгеге жуығы бюджетке өтелді. 29 млрд теңгеге жуық сомаға тауарлар жеткізілді, қызметтер көрсетілді, жұмыстар атқарылды. 233 млрд теңгеден астам сомаға кемшіліктер бухгалтерлік есептерге сәйкестендірілді", – деді Ержан Мыңжасаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, тексерілетін субъектілерге 1 638 нұсқама беріліп, оның 70 пайыздан астамы орындалған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 6 901 материал бойынша іс қозғалып, жалпы сомасы 605 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бүгінгі таңда бюджетке 587 миллион теңге немесе 97 пайызы төленді. 1 595 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау органдарына 150-ге жуық материал жіберіліп 80 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу