Жыл басынан бері еліміздің 300-ден астам мектебінде жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
"Оның ішінде 29 мектепке 38 пәндік кабинет жеткізілді. 39 мектептің жиһазы, 55 мектептің кітапханасы, 53 мектептің асханасы жаңартылды. Тағы 136 мектепте бейнебақылау, турникет, дабыл түймелері орнатылып қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 2025 жылға дейін 6 бағыт бойынша 3000 мектепті заман талабына сай жаңарту жоспарланған", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасында жыл сайын шағын қала, аудан орталығы мен ауылдағы кемінде мыңнан астам мектеп заман талабына сай жаңартылатынын айтқан болатын.