Жыл басынан бері 320-дан астам тілші қамауға алынған

1210

Жыл басынан бері 320-дан астам тілші қамауға алынған

Әлемде жыл басынан бері 65 тілші қаза тапқан. Олардың шамамен жартысы қызмет бабында көз жұмса, кейбірі материалдары саяси не қылмыстық мүдделерге қауіп төндіргендіктен қасақана өлтірілген. Бұл туралы "Шекарасыз репортерлер" халықаралық ұйымының жыл сайынғы есеп беруінде жазылған, деп хабарлайды khabar.kz.

Құжатқа сәйкес, Сирия, Мексика, Ирак пен Ауғанстан журналистер үшін ең қауіпті елдер саналады. Ал жыл басталғалы 320-дан астам тілші қамауға алынған. 54-ін қаскөйлер қазір тұтқында ұстап отырса, тағы екеуі ізім-ғайым жоғалып кеткен.

Айта кеткен жөн, "Шекарасыз репортерлер" ұйымының мәліметіне сәйкес, былтыр бүкіл әлем бойынша 74 тілші қызмет бабында көз жұмған болатын.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу