Жыл басынан бері 34 бала суға кетті – ТЖМ

1170

Соңғы 3 жылда 87 бала өрттен қаза тапқан.

Жыл басынан бері 34 бала суға кетті – ТЖМ

Биыл 34 бала суға батып көз жұмды. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Жыл басынан бері 34 бала суға кетті. Өткен жылмен салыстырғанда өсім – 67%. 2020 жылы осы кезеңде 21 бала суға батып көз жұмса, осы жылы 34 бала суға кетті", - деді комитет төрағасы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қайғылы оқиғаның басты себебі – ата-аналардың баласын қараусыз қалдыруы, балалардың тыйым салынған жерлерде шомылуы. 
Бауыржан Сыздықов соңғы 3 жылда (2019, 2020, 2021 жылдар) 87 бала өрттен қаза тапса, 33 бала газдан уланып көз жұмғанын жеткізді.

"Сондай-ақ соңғы 3 жылда балалардың қатысуымен 300-ден аса өрт дерегі тіркелді. Ата-аналар баласына үйдегі сіріңке қорабы ойыншық емес екенін, онымен ойнауға болмайтынын түсіндіруі керек", - деп түйіндеді сөзін басшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу