Жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды

413

Олардың 42,6%-ы өткен жылы табыс таппаған.

Жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды Фото: freepik

Тағы 20,8%-ы өз қызметін жалғастыра отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне көшкен. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Елдегі кәсіпкерлік қызмет оң динамиканы сақтап отыр, сондай-ақ сыртқы және ішкі экономикалық өзгерістерге тұрақтылық көрсетуде. Бизнестің құрылымдық қайта құрылуы байқалуда. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ескергенде кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 32,5%-ға артып, 3,2 млн-ға жетті. Жалпыға бірдей белгіленген режимде жұмыс істейтін кәсіпкерлердің – қосымша құн салығын төлеушілердің саны 28%-ға өсті.  Азаматтардың көлеңкелі экономикадан шығуы үшін жағдайлар жасалды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимінде 981 мың адам тіркелді, олардың 807 мыңы алғаш рет салық есебіне тұрды", – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Серік Жұманғариннің сөзінше, 2026 жылғы тоғыз айда 277 мың жаңа кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 34,7 мың заңды тұлға және 242,3 мың жеке кәсіпкер. 

"Осы кезеңде 19,7 мың заңды тұлға және 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды. Бұл ретте жеке кәсіпкерді тіркеуді тоқтату экономикалық қызметтің іс жүзінде тоқтауын білдірмейді. Жабылған 356 мың жеке кәсіпкердің 42,6%-ы 2025 жылы табыс таппаған, ал 20,8%-ы өз қызметін жалғастыра отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне көшкен. Осылайша, бизнес құрылымын сауықтыру және кәсіпкерлердің неғұрлым қолайлы салық режимдеріне көшуі жүріп жатыр", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу