Жыл басынан бері 4,6 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды

1136

Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша  Түркістан көшбастап тұр.

Жыл басынан бері  4,6 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды

Еліміз бойынша барлығы 40 546  тұрғын үй тапсырылды. Тұрғын үйді іске қосу көлемінің өсуі өткен жылмен салыстырғанда республиканың 15 өңірінде жалғасуда. Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді.

Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшы өңірлер: Түркістан (132,0%), Павлодар (127,2%), Алматы (123,2%), Қызылорда (122,4%), Ақмола (116,9%), Жамбыл (114,9%), Атырау (114,1%), Қарағанды (113,9%), Қостанай (105,8%), Ақтөбе (105,5%) облыстары.

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі қаңтар-мамыр айларында 108,8% -ды құрады. 15 өңірде оң динамика байқалады. Көшбасшылар Қарағанды (153,7%), Атырау (129%), Түркістан (122,5%), БҚО (115,5%), Ақтөбе (112,1%), ШҚО (110,4%), Қостанай (109,9%), Павлодар облыстары (107,8%), СҚО (107,7%), Алматы қ. (105,8%) және Шымкент қ. (105,1%). 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу