Жыл басынан бері 44,7 миллион тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілді

234

Сондай-ақ 30 миллиард текше метр газ өндірілген. 

Жыл басынан бері 44,7 миллион тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілді Фото: akorda

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярды қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Роман Скляр индустриялық жобаларды жүзеге асыру және отандық тауар өндірушілерді қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

  • бірінші жартыжылдықта өндеу өнеркәсібі 105,1 пайызға, машина жасау саласы 9,4 пайызға, ал тау-кен және металлургия кешені 8,3 пайызға өскені туралы айтты;
  • мұнай және газ құбырларын салумен, газ өңдеу зауыттары мен мұнай химиясы өндірісін іске қосумен байланысты жобалардың орындалу барысын таныстырды:
  • жыл басынан бері 44,7 миллион тонна мұнай мен газ конденсаты, сондай-ақ 30 миллиард текше метр газ өндірілген;
  • осы жылдың соңына дейін 128 елді мекенге газ құбыры жүргізіліп, көгілдір отынмен қамтамасыз ету деңгейі 61,8 пайызға жетеді;
  • көлік және энергетика салаларындағы жаңа инфрақұрылымдық жобалар жөнінде баяндады;
  • жылыту маусымына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді:
  • қазіргі кезде 309 шақырым жылу желісін реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған шамамен 154 миллиард теңге жұмсалады;
  • сонымен қатар биыл жалпы сомасы 327 миллиард теңгеге 10 энергия блогын, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған;

Инвестиция тарту жөніндегі кеңестің қызметі, атап айтқанда шетелдік серіктестермен бірге іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар жөнінде айтты. Олардың бірқатарына қатысты уағдаластыққа Мемлекет басшысының шетелдерге сапары кезінде қол жеткізілген:

  • кеңес қызметін қайта құрылымдаған сәттен бастап жалпы сомасы 40 миллиард долларға жуық 77 инвестициялық жобаның түйткілді мәселелері шешімін тапқан;
  • бұл ретте машина жасау, тамақ және химия өнеркәсібі, тау-кен, металлуругия кешені, энергетика, жер қойнауын пайдалану салаларындағы қосылған құны жоғары жобаларға айрықша мән беріліп отыр.

Президент қабылданып жатқан шаралардың маңызды екеніне назар аударып, аталған бағыттар бойынша жұмысты одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу