Жыл басынан бері 493,1 мың көпбалалы отбасы жәрдемақымен қамтылды

855

Оларға жалы сомасы 82,2 млрд теңге төленді. 

Жыл басынан бері 493,1 мың көпбалалы отбасы жәрдемақымен қамтылды

2022 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің жалпы сомасы 82,2 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

"Орта есеппен жәрдемақымен 493,1 мың отбасы қамтылды, оның ішінде наурыз айында 499,3 мың отбасы жалпы сомасы 27,8 млрд теңге жәрдемақы алды", – деп жазылған ведомство таратқан хабарламада. 

Аталған мемлекеттік жәрдемақыны 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан ала алады.

Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланады және 2022 жылы 49 100 теңгені (4 бала), 61 383 теңгені (5 бала), 73 666 (6 бала) теңгені, 85 948 теңгені (7 бала), 8 балаға – 98 016 теңгені, 9 балаға – 110 268 теңгені, 10 балаға – 122 520 теңгені, 11 балаға – 134 772 теңгені, 12 балаға – 147 024 теңгені, 13 балаға – 159 276 теңгені, 14 балаға – 171 528 теңгені, 15 балаға – 183 780 теңгені, 16 балаға – 196 032 теңгені немесе әр балаға 12 252 теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы – атаулы әлеуметтік көмек қарастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу