Жыл басынан бері 5,4 мың мүгедек жұмысқа орналасты

811

Есту, көру қабілетінен айырылған, тірек-қимыл жүйесі бұзылған адамдар үшін 113 арнайы жұмыс орны құрылды.  

Жыл басынан бері 5,4 мың мүгедек жұмысқа орналасты

1 сәуірдегі жағдай бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" бағдарламасы аясында мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz .

"Оның ішінде 1,1 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылса, ал 4,3 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне және қоғамдық жұмысқа тартылды", деп жазылған Еңбек және әлеуметттік қорғау министрлігі таратқан хабарламада. 

Сондай-ақ биыл мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілерді субсидиялау арқылы 113 арнайы жұмыс орны құрылды. Онда есту, көру қабілетінен айырылған, тірек-қимыл жүйесі бұзылған адамдар жұмыс істейді. Биыл бұл бағытқа 251,8 млн теңге бөлінген.

Айта кетейік, 2020 жылы, 25,5 мыңнан аса мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамтуды қолдаудың түрлі шаралары көрсетілді. Оның ішінде 1,5 мыңға жуық адам шағын несие мен грант алды, ал 15,4 мың адам "Еңбек" бағдарламасы аясында жұмысқа орналасты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу