Жыл басынан бері 600-ден аса пәтер ұрысы ұсталды

912

Биыл пәтер ұрлығы 7,1%-ға төмендеген.

Жыл басынан бері 600-ден аса пәтер ұрысы ұсталды

Жыл басынан бері Қазақстанда 600-ден аса пәтер ұрысы ұсталды. Бұл туралы ІІМ Криминалды полиция департаменті аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Сағындық Жантеміров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, пәтер ұрлығы жалпы барлық ұрлықтың 20,5%-ды құрайды.

" ...Жыл басынан бері 618 пәтер ұрысы мен 29 қылмыстық топ ұсталды. Оның ішінде әртүрлі қалада ұрлық жасаған 36 ұры бар", – деді аға жедел уәкіл ІІМ-де өткен онлайн брифингте.

Сағындық Жантеміров соңғы 5 жылда пәтер ұрлығы 33,4%-ға азайғанын атап өтті.

"Егер 2017 жылы 37 мыңнан аса қылмыс тіркелсе, 2021 жылы оның саны 12 мыңнан аспайды. Биыл пәтер ұрлығы 7,1%-ға азайған (3357 ұрлықтан 3118 ұрлыққа дейін), сондай-ақ қылмысты ашу көрсеткіші 1,7%-ға өскен 59%-дан 60,7%-ға дейін)", – деді ІІМ қызметкері.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу