Жыл басынан бері 607 мың адамның статусы анықталды

898

Жыл басынан бері 607 мың адамның статусы анықталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, жыл басынан бері статусы анықталмаған 2,7 млн азаматтың бүгінгі таңда 607 мыңының статусы нақтыланды. 197 мың жұмысшы еңбек шартын жасап, міндетті зейнетақы жарналарын аударуда, 12 мың кәсіпкер қызметтерін тіркеді, деп хабарлайды primeminister.kz.

"2017 жылдың қазан айынан бастап Астана, Алматы, Павлодар және Шымкент қалаларындағы халықты жұмыспен қамту орталықтарында электрондық еңбек биржасы пилоттық режимде жұмыс істеді, 2018 жылдың қаңтарынан бастап портал Қазақстан бойынша іске қосылды. Бүгінде портал Қазақстандағы "Жұмыс және бос жұмыс орындары" тақырыбындағы сайттар арасында сайтқа кірушілер саны бойынша екінші орында және барлық қазақстандық сайттар арасында 74-орында тұр", — деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

Электронды еңбек биржасы арқылы 21 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, 28 мыңға жуық жұмыс берушілер өздерінің "жеке кабинеттерін" құра отырып, тіркелді.

Еңбек нарығындағы екінші арна — халықты жұмыспен қамту орталықтары. Қазіргі уақытта ЕХӘҚМ әкімдіктермен бірлесіп оларды трансформациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұдан өзге, еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту аясында жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жеке жұмыспен қамту агенттіктерін тарту қарастырылған. Бұл үшін "халықты жұмыспен қамту саласындағы аутсорсинг қызметтері" түсінігі енгізілді — бұл қызметтер аутсорсингі туралы келісімшарт негізінде халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерді жұмыспен қамтудың жеке агенттіктеріне беруіне бағытталған шаралар кешені.

Аутсорсингке жұмыссыздарға кәсіптік бағдар беру және оларды жұмысқа орналасу қызметтерін беру көзделген, бұл шамамен 60 мың адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, министр азаматтардың статусын автоматты түрде және үнемі жаңартып отыру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіруге тікелей байланысты екенін атап өтті.

Мәдина Әбілқасымова мәліметтерді жаңарту жұмыстарын күшейту үшін жаңа нақты анкета әзірленіп, ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп статусты анықтаудың жаңа төрт арнасы енгізілуде: e-Gov электронды үкімет порталы, 1414 бірыңғай байланыс орталығы, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен медициналық мекемелер сияқты халыққа қызмет көрсететін ұйымдар, сондай-ақ, статусы жоқ азаматтарды мобильді СМС-тер арқылы хабарландыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу