Жыл басынан бері 690 мыңнан астам адам тіркеуге тұрды

513

Жыл басынан бері 690 мыңнан астам адам тіркеуге тұрды

2017 жылдың 7 қаңтарынан 29 наурызына дейін 690917 қазақстандық уақытша тіркеуге тұрған, деп хабарлайды tengrinews.kz ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Оның ішінде Астанада – 135685, Алматыда – 168222 адам.

Министрліктің мәліметіне жүгінсек, 2016 жылы Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша 1020298 адам тіркелген. Ең көп тіркелген адам Алматыда – 128124, ОҚО-да – 126798 және Астанада – 115215.

Сонымен қатар, жыл басынан Қазақстанда қанша шетелдіктің тіркелгені белгілі болды. Республикада жалпы 235442 шетелдік тіркеуге тұрған. Ең көп тіркелгені – Алматыда – 61330, ОҚО-да – 42965 және Алматы облысында – 25193 шетелдік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу