Жыл басынан бері 71 бала шетелдік клиникаларға жіберілген - ДСМ

533

Биыл балаларға 100 мыңнан астам ота жасалды. 71 бала шетелдік клиникаларға жіберілген.  

Жыл басынан бері 71 бала шетелдік клиникаларға жіберілген - ДСМ Фото: vera.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Республикада емдеу мүмкін болмаған жағдайда балалар "Шетелде емделу" бағдарламасы шеңберінде ем алады. 2022 жылдың ішінде жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам қаражатпен 71 бала қамтылып, шетелге жіберілді. Негізгі бағытқа Түркия, Германия, Үндістан, Ресей елдері кіреді. Биыл балаларға медициналық көмекті қаржыландырудың жалпы көлемі 560 млрд теңгені құрады", - деп атап өтті ведомство өкілі.

Вячеслав Дудниктің сөзінше, балаларға медициналық көмек Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен МӘМС аясында тегін көрсетіледі.

Айта кету керек, елімізде 6,6 миллионнан астам бала бар. Оның ішінде 5 жасқа дейінгі балалар – 2,5 млн, оқушылар –  3,4 млн. Бұдан бөлек жыл басынан бері 402 мың сәби дүниеге келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу