Жыл басынан бері 8 мың өрт тіркеліп, 213 адам қаза тапты

123

Жылыту маусымында өрт қаупі артып, тұрғын үйлер жиі отқа оранады. Биыл дәл осы кезеңде тұрғын үй секторында 100-ден астам өрт тіркелді. 

Жыл басынан бері 8 мың өрт тіркеліп, 213 адам қаза тапты Фото: ortcom.kz

Жыл сайын елімізде 10 мыңнан астам өрт шығып, 300 астам адам қаза табады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаев айтуынша, 1 қазанда басталған жылыту маусымында қазірдің өзінде 100-ден астам тұрғын үй отқа оранып, 17 адам қаза тапты, 13 адам жарақат алды.

"Жыл басынан бері 8 мың өрт тіркеліп, 213 адам қаза болса, 213 адам жарақат алды", - деді спикер.

Сондықтан жылыту кезеңінің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Алдын алу шаралары маусым басталмай тұрып қолға алынды.

"Жеке тұрғын үй қорының өртке қарсы жағдайын бақылау қолданыстағы мемлекеттік заңнамамен қарастырылмағанын атап өткім келеді. Біз тек түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, оның барысында үйлерді аралаймыз және тұрғындардың келісімімен үй іші, нысандар тексеріледі, ұсыныстар беріледі және нұсқаулықтар таратылады. Өрт қауіпсіздігін бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік шаралары қолданылмайды", – деді Қанат Доспаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу