Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Үкіметінің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Елімізде барлығы 22,5 мың Ресей Федерациясының азаматы ресми жұмысқа орналасса, 2022 жылдың басынан бері 8 мың адам жұмыс істеп жатыр", – деді министр.
Бұл ретте ведомство жалақысынан 10%-дық төлем жасайтындарды ғана есепке алып отыр. Олар экономиканың қызмет көрсету – 72%, өнеркәсіп – 16%, құрылыс – 9% сынды салаларында жұмыс істейді. Мамандықтар бойынша көбі есепші, есеп менеджерлері, сатушылар, жүргізушілер. Осы орайда министр көрші елден келгендер мен жергілікті жұмыс күші арасында айтарлықтай бәсеке жоқ деп есептейді.
"Қызмет көрсету саласында олардың жалақысы бірдей", – деді Тамара Дүйсенова.