Жыл басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

549

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 115,1 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды Фото: ҚР Еңбекмин

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 8 034 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Еңбекминге сілтеме жасап.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (54,2%) Өзбекстаннан, 20,1% – Қытайдан, 11% – Ресейден, 6,4% – Моңғолиядан, 4,9% – Түрікменстаннан және 3,3% басқа елдерден.

Елімізге келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,8%), Маңғыстау (12,8%), Түркістан (6,4%) және Жамбыл (4,8%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,7%), Алматы (8,8%) және Шымкент (7,1%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 67,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 23,8%-ды және зейнеткерлер 8,7%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,3%-ы жоғары білімді, 37%-ы орта кәсіби білімді, 38,4%-ы жалпы орта білімді және 7,3%-ының білімі жоқ.

Айта кетейік, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу