Жыл басынан бері 86 пара беру фактісі анықталған

1479

Соңғы үш жылда жемқорлыққа қатысты 915 іс қозғалған.

Жыл басынан бері 86 пара беру фактісі анықталған

Үш айда 86 пара беру фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапақов онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

"2017-2019 жылдар аралығы мен 2020 жылдың үш айында пара беру фактісі бойынша 915 қылмыс тіркелді. Соңғы жылдардағы көрсеткіштер жемқорлыққа қатысты қылмыстардың артқанын көрсетеді. Мысалы, 2017 жылы  – 255 жағдай, 2018 – 232 жағдай, 2019 жылы – 342 жағдай және соңғы үш айда 86 факт тіркелді", – деді Қуаныш Жапақов. 

Сонымен қатар осы аралықта аталған факт бойынша 147 адам бас бостандығынан айырылса, 352 адамға айыппұл салынған. Бұл ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы парақорлық жайында ақпарат берген тұлғаларға бір реттік сыйақы қарастырылғанын айтты. 
"2020 жылдың өткен үш айында жемқорлық фактісі туралы ақпарат берген 44 адам сыйақы алды", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу