Жыл басынан бері 88 мың есірткі дүкенінің шоттары бұғатталды

136

Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді.    

Жыл басынан бері 88 мың есірткі дүкенінің шоттары бұғатталды Фото: gov.kz

Сала басшысы 2025 жылдың 7 айындағы прокуратура органдарының жұмысы туралы баяндады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Прокурорлар заңдылықты нығайту, "Заң мен Тәртіп" идеологиясын ілгерілету және қоғамда заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру шараларын жалғастырып жатыр. Үйлестіру шаралары арқылы қылмыстық ахуалды жақсарту міндеттері жедел шешілді. Қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі төмендеді 82573-тен 76512-ге дейін азайды. 

Қоғамдық орындар (23121-ден 21269-ға дейін) мен көшелерде (11035-тен 10272-ге дейін) құқықтық тәртіп жақсарды.

Алайда интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Осы санаттағы қылмыстардың жолын кесу, анықтау және ашу бойынша мүдделі органдармен бірлесіп ауқымды және жүйелі іс-шаралар жүргізіліп келеді. 

Мәселен, алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде 61 кибертоп әшкереленіп, 217 "дроппер" қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Интернеттегі есірткінің заңсыз айналымы инфрақұрылымын тұрақсыздандыру мақсатында 88 мың есірткі дүкенінің шоттары бұғатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу