Жыл басынан бері 90 мың көлік онлайн тіркелді

588

Электронды үкімет көмегімен 145 мың жүргізуші куәлігін жаңартты. 

Жыл басынан бері 90 мың көлік онлайн тіркелді

“Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясының басқарма басшысы Әсемгүл Балташева статистикалық мәлімет берді. Оның сөзінше, карантин кезіндегі шектеулерге қарамастан, көлік иелері мемлекеттік қызметті белсенді алып жатыр. 

Жеті ай ішінде портал арқылы 145 мың пайдаланушы жүргізуші куәлігін ауыстырса, 90 мың адам машинасын онлайн режимде қайта тіркеді. 

Ал мамандандырылған ХҚКО-да 400 мың куәлік ауыстырылды (2019 жылмен салыстырғанда 70 мыңға жоғары). Сонымен қатар, машина тіркеумен байланысты 1.3 млн қызмет көрсетілді. 

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта ХҚКО ашық, бірақ уақыты қысқартылған режимде жұмыс істеп жатыр. Олар тек алдын ала жазылғандарды қабылдайды. Кезек алу үшін тіркелу барысында машина сатушы мен сатып алушының ЖСН-ін және көліктің мемлекеттік нөмірін көрсету керек. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу