Жыл басынан бері 910 адам қызылшамен ауырған

1062

Дәрігерлер бұл аурудан қорғанудың тиімді және ерекше әдісі жоқ дейді. Тек екпе алуды ұсынады.

Жыл басынан бері 910 адам қызылшамен ауырған

Елімізде жыл басынан бастап қызылшаның 910 жағдайы тіркелді, оның 647-сі 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген (70%), деп хабарлайды ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитеті.

"Инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы егілмеген балаларды анықтауға және вакцинациялауға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 30 жасқа дейінгі егілмеген және қызылшаға қарсы егілгендігі туралы деректер жоқ 2717 адамға екпе егілді", – делінген хабарламада­.

Айта кетсек, қызылшаның дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы, көздің қызаруы,жарықтан қорқу және бөртпе шығу секілді белгілері бар.

Дәрігерлер бұл аурудан қорғанудың тиімді және ерекше әдісі жоқ дейді.

"Қызылшадан қорғанудың жалғыз ғана тиімді әдісі вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін қызамық және паротитті компоненттермен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады. Елімізде ҚҚП-ның жеткілікті көлемі бар", – деп хабарлайды ведомствадан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу