Жыл басынан бері 956 кәсіпорынның қызметкерлері жалақы алмаған

1034

Жыл басынан бері 956 кәсіпорынның қызметкерлері жалақы алмаған

Осы жылдың басынан бері 956 кәсіпорынның қызметкерлері жалақы алмаған. Бұл туралы lsm.kz хабарлайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 92 банкротқа ұшыраған кәсіпорын мен қайта қалпына келіп жатқан кәсіпорындардың 4080 қызметкерге жалпы қарызы 1 млрд теңгеден асқан.

Бұндай кәсіпорындарға бүгінге дейін 128 млн теңгені құрайтын 588 айыппұл салынған. Сонымен қатар ол компаниялардың басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 12-сіне күшпен орындату туралы сот шешімі шықты.

Министрлік дерегінше, 12,9 мың қызметкердің құқығы қорғалып, 1,6 млрд теңге көлеміндегі қарыз қайтарылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу