Жыл басынан бері 96 мыңнан астам қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты

184

Еңбек нарығында ұзақ мерзімді жұмыспен қамту үлесі артып, уақытша жұмыс орындары азайып келеді.  

Жыл басынан бері 96 мыңнан астам қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты Фото: dknews.kz

Қазақстанда жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік шаралар оң нәтиже беріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша, елде 249,6 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның 96,4 мыңы тұрақты жұмысқа тұрған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 мыңнан астам адамға көп.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, еңбек нарығында ұзақ мерзімді жұмыспен қамту үлесі артып келеді. Биыл уақытша жұмысқа орналасқандар саны 115,9 мыңнан 77 мыңға дейін азайған.

Мұндай нәтижеге жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту, Enbek.kz электрондық еңбек биржасының қызметін жетілдіру және еңбек нарығының сұранысына сай кәсіптік оқыту бағдарламаларын іске асыру ықпал еткен.

Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысында жұмыспен қамтылғандар саны 9,39 млн адамға жетті. Жалдамалы жұмыскерлер саны шамамен 150 мың адамға көбейсе, жұмыссыздық деңгейі 4,5%, жастар арасындағы жұмыссыздық 3% деңгейінде сақталды.

Министрлік алдағы уақытта да сапалы жұмыс орындарын көбейту, еңбек өнімділігін арттыру және азаматтардың кәсіби біліктілігін дамыту жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу