Жыл басынан бері адам саудасы бойынша 110 қылмыс тіркелген

464

Бүгін, 30 шілде - Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні.

Жыл басынан бері адам саудасы бойынша 110 қылмыс тіркелген Фото: egov.kz

Қазақстанда жыл басынан бері адам саудасына байланысты барлығы 110 қылмыс тіркелген, оның 20%-ға жуығы кәмелетке толмаған балаларға қатысты жасалады, деп жазады Inbusiness.kz.

Адам саудасы түрді формада көрініс табуы мүмкін: жыныстық не еңбек құлдығына тарту, бала саудасы, қайыршылық жасауға мәжбүрлеу, адам органдары қара базары.

ҚР Ішкі істер министрі өкілі Самат Сұлтанұлының айтуынша, адам саудасына қатысты істер көбіне ұйымдасқан қылмыс сипатына ие. Мысалы, жыл басынан бері осы бағытта 110 қылмыс тіркелген. 

"Оның ішінде, адамды қанау мақсатында — 5, жезөкшелікке мәжбүрлеу бойынша — 14 (7-уі кәмелетке толмағандарға қатысты), адам саудасына қатысты — 24 (16 іс кәмелет жасқа толмағандарға қатысты), жеңгетайлық әрекеті бойынша — 67 қылмыс тіркелген. Жалпы бір жылда орташа есеппен жүзден астам қылмыс тіркеліп, 5-тен астам ұйымдасқан қылмыскерлер тобы анықталады. Біздің азаматтарды шетелге шығару жолдарын жою шаралары қолға алынған", — деді ҚР Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау басқармасының бастығы Құсетов Самат Сұлтанұлы. 

Жыл сайын құзыретті органдармен арнайы алдын-алу шаралары мен тексеріс жұмыстары жүргізіледі. Құлдыққа алынған адамдар көбіне шаруа қожалықтарында, жайлаулар мен қыстақтарда, сауналар мен қонақ үй кешендерінде табылып жатады. 

Сарапшылардың айтуынша, мұндай қылмысқа баруға адамдарды әлеуметтік-экономикалық процестер, криминалды бизнестің табыстылығы, жазаланбайтынына деген сенімділік итермелейді. Қомақты қаржыға кенелуді мақсат тұтқан адам саудасымен айналысатындар жәбірленушіні түрлі жолдармен: алдап-соғып не қорқытып бағындыруға тырысады. Олардың құрығына көбіне қоғамның әлеуметтік осал топтары мүшелері түседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу