Қазақстанда жыл басынан адам саудасымен байланысты 285 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Оның 28-і – кәмелет жасына жетпеген балаларға байланысты. Өткен жылы 445 іс қозғалды.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, Қылмыстық кодексте адам саудасына байланысты қылмыс үшін жауапкершілік 8-бапта көзделген.
"Осы баптар бойынша қылмыскердің мүлкі тәркіленеді, ең жоғарғы жаза – 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Мұндай жаза өте қатал және басқа ауыр қылмыс үшін көзделген жазамен сәйкес келеді", – делінген жауапта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу