Жыл басынан бері айналымнан 755 келі есірткі тәркіленді

Биыл есірткі айналымына байланысты 420 қылмыс тіркелді. 

Жыл басынан бері айналымнан 755 келі есірткі тәркіленді

Бұл туралы онлайн брифинг барысында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының жедел уәкілі Данияр Амантайұлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына байланысты 420 қылмыс анықталды, оның ішінде 265 өткізу және 76 заңсыз сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 755 кг есірткі, оның ішінде 270 кг "марихуана", 93 кг "гашиш" және 105 кг синтетикалық есірткі тәркіленді", – деді спикер.

Елімізде есірткі бизнесінің ұйымдасқан түрлеріне қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізілуде.

"1 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. ҚК 262-бабы 1-тармағы "ҰҚТ ұйымдастыру және қатысу" бойынша қылмыстық іс қозғалып 8 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 85 келіден астам есірткі тәркіленді", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу