Жыл басынан бері Ақмола облысына теміржолмен 296 мың жолаушы келді

343

Жазғы маусымда Бурабай курорты вокзалы тәулігіне 2 мыңға дейін жолаушыға қызмет көрсетеді.  

Жыл басынан бері Ақмола облысына теміржолмен 296 мың жолаушы келді Фото: tengrinews.kz

Ақмола облысында қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін Бурабай курорты, Шортанды, Макинка және Ақкөл теміржол вокзалдары ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биылғы жылдың басынан бері теміржол көлігі арқылы Ақмола облысына 296 мың жолаушы келген.

Жаңартылған Бурабай курорты вокзалы тәулігіне орта есеппен 1 601 жолаушыға қызмет көрсетеді. Жазғы туристік маусымда бұл көрсеткіш 2 мың адамға дейін артады. Станция арқылы Астана, Алматы, Атырау, Петропавл, Қызылорда, Орал, Қарағанды қалаларына, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстанға қатынайтын 30 жолаушылар пойызы өтеді. Үш қабатты ғимараттың ауданы 3,2 мыңшаршы метрден асады. 

Ал Шортанды, Макинка және Ақкөл станциялары арқылы 14 жолаушылар пойызы қатынайды. Жаңартылған вокзалдар жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, өңірдің көлік инфрақұрылымы мен туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу